Қала бойынша абаттандыруы аяқталмаған 12 аула бар

Естай 142 мекенжайында жаяужолдың құрылысы көктемнің соңында басталды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қызметкерлер жұмыстарды орта жолда тастап, әлі күнге дейін тапсырмаған. Салдарынан оның биіктігі көтеріліп, жаңбырдан жиналған су балалар алаңына барады екен.

 

- Жұмыстар ұзақ уақыт жасалды. Біреулері қиыршықтас әкелсе, басқалары жерді дайындаған. Кейін жұмыстар тоқтап қалды. Олар асфальт пен қиыршықтас бітіп қалды деп кетті. Сол уақыттан бері көрген емеспіз. Қашан аяқталатыны белгісіз, - деді ПИК төрайымы.

 

Ал Бектұров көшесіндегі 71-ші үйдің ауласында қиыршықтасқа толы жиектастар орнатқан. Асфальт жоқ. Қала әкімдігінде жұмысы аяқталмаған 12 аула бар екенін мәлімдеді.

 

- 12 аула бойынша жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде Естай 142 мен Бектұров 71 бар. Мердігерлердің артық жүктемесіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды. Бүгінде қайта жанданады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Асфальт келесі аптаның соңында пайда болады деп сендірді қала әкімдігінде. 

Айта кетсек, биыл 123 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Олардың кепілдік мерзімі 1 жылды құрайды.