Қала көшелері қашан жарық болады?

-Биыл Павлодар қаласын жарықтандыру бойынша қараңғы уақытта 18 тексеріс өткізілді. Онда қай аумақтарға немесе қиылыстарға қосымша жарық керектігі анықталды. Қайда, не істеу керектігі туралы ұсыныс тастадық. Тіпті болжамды бағасын да көрсеттік,-деп түсіндірді Павлодар облысы ПД ӘПБ көлік-техникалық инспекциясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Мақашев.

 

Полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына да қосымша жарық орнатуды сұрайды. ТҮКШ бөліміне ай сайын хат жазады. Алайда өзгеріс жоқ. Шенеуніктер қала көшелеріндегі бағаналар мен шамдар олардың иелігінде емес екенін жеткізді. Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында оны бизнеске тапсырған. Яғни алматылық фирма. 

 

-Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында  оны біз сенімгерлік басқаруға бердік. Жеке серіктес «ALTOCOM ASIA» ЖШС 1 млрд 700 млн теңге өз қаражатын салды. Мемлекет бес жыл ішінде 1 млрд 700 млн теңгені қайтаруы тиіс. Орталық көшелерде жарық күңгірт, сол себепті жол көлік апаттары жиі орын алуда,- деп хабарлады Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі  Әлібек Оразалин.

 

Әкімдікте шамдардың тым күңгірт екенін мойындады. Жеке меншікшіге қайта қайта хат жазуда. Қаладағы жағдай қашан жақсы жағына өзгеретінін коммуналшылар айта алмады.