• Басты бет
  • Қоғам
  • Қала тұрғындары масалардан мезі болғандарын айтып шағымдануда

Қала тұрғындары масалардан мезі болғандарын айтып шағымдануда

Осыдан екі апта бұрын саябақтарда қыдыру бір ғанибет еді дейді тұрғындар.  Қазір бұл нағыз сынаққа айналған. Мүмкіндігі барлар күндік серуендесе, кешкі уақытта жүрек жұтқандар ғана шығады екен.

 

Павлодарлықтар коммуналшылардың масаларды улаудағы нәтижесі көрінбейді деген пікірде. Жағалау маңында қызу жұмыс жүруде, дегенмен ондағы қан сорғыштардың саны азаймаған секілді. Оған қоса, әлеуметтік желілерде масаның шаққанынан кейінгі салдары да талқылануда.

 

Ал шененуіктер болса, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда. Бұл мәселенің шешімін олар табиғаттың еншісіне жүктеген сияқты.