Қала тұрғыны терезесінің астындағы көліктерге шағымдануда
Наталья Лихоносова Теплов көшесіндегі №38/2-үйде 20 жылдан аса тұрып келеді. Созылмалы бронхит сырқатына байланысты пәтерінен жиі шығып, таза ауа жұту үшін әйнегін ашады. Алайда, соңғы жылдары терезе астында көліктерін қоятындар пайда болды.
-
Олар кез келген сәтте өз көліктерінің қозғалтқышын қосады. Иесі келе салысымен газды басып, түтіндетеді. Темір тұлпарлардың даусы қатты. Полиция немесе учаскелік инспекторды шақырғанда олардың күлкісіне қаламын. Көліктерді басқа жерге ауыстыра бастайды, - дейді Теплов көшесіндегі №38/2-үйдің тұрғыны Наталья Лихоносова.
Әйел кіреберіс алдына көлік қоятын көршілеріне шағым айтып шаршады. Айтуынша, қажет болған жағдайда аулаға жедел жәрдем, өрт сөндірушілердің және басқа да арнайы техника кіре алмайды. Тәртіп сақшылары жағдайға түсініктеме берді.
-
Мұндай деректер орын алған жағдайда, шағымданушы «102»-ге қоңырау шалып, полиция қызметкерін шақыра алады. Әрине, неғұрлым көп дерек жинау қажет. Құқық бұзушылықты телефон камерасына түсіріп алуаға тырысу керек. Кей сәттерде тәртіп сақшылары келгенге дейін олар көлік қозғалтқыштарын өшіріп үлгереді, - дейді Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полициясының аға инспекторы Бауыржан Мақашев.
Аула ішіне тыйым салу белгісін орнатудың қажеті жоқ дейді полицияда. Заңға сәйкес ережені бұзғандарға 30 мың теңге айыппұл салынады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа