Қала әкімі түлектердің соңғы қоңырауына қатысты

Қала бойынша мыңнан астам түлек үлкен өмірге жолдама алды. №2-мектепте 52 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Мерекелік шараға қатысқан қала басшысы білім ордасының жетістіктері туралы атап өтіп, ересек өмірге жолдама алған түлектерге сәт сапар тіледі.

 

  • Болашақтың іргетасын қалап, жаңа Қазақстанды құратын жастар бүгінгі күні сіздер. Барлық күш пен білімді Тәуелсіз еліміздің бағына жұмсаңыздар. Мен сіздерге шын жүректен тілектеспін. Жас түлектер, сәт сапар, ақ жол. Қадамдарыңызға гүл бітсін,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Мектеп түлектері үшін бұл ерекше сәттердің бірі. 11 жылдық білімдерін қорытындылайтын уақыт келіп жетті. Алда оларды өмірлеріндегі алғашқы үлкен сынақ - ҰБТ күтуде.

 

­ Бұл мектепте 11 жыл оқығанбыз. Енді кетуге қиын болады. Келешекке қадам басып жатырмыз. Мен ІТ мамандықты таңдадым. Оған физика, математика тапсырып жатырмын. ЕНТ-ны тапсырып болдым. Бір жылдай дайындалдым. Жақсы балл алдым,- дейді түлек Әлихан Қырықбес.

 

- Бүгінгі күні екі оқушы Павлодар университетіне 100 пайыздық грант алды. 1 оқушы республикалық деңгейде өткен пән олимпиадасының алтын медаль иегері. Сонымен қатар оқушылардың ішінде президенттік халықаралық болып саналады, соның жүлдегері бар,- дейді №2 ЖОББ мектебінің басшысы Гүлшекер Белгібаева.

 

Бүгін қаламызда 47 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтауда. Олардың ішінде мектеп бітіруші түлектер саны 1451. 114-і «Алтын белгі» мен үздік атестатқа үміткер.

 

 

Авторы:Арнагүл Исабекова