Қалалық әкімдік Суворов зиратын тазалаған

Бұл жердегі тазалық жұмыстары наурыз айында басталған. Тазалық жұмыстарына 6 техника бірлігімен қызметкерлер жұмылдырылған.

 

- Жалпы сомасы 3 миллион 800 мың теңгеге шарт жасалды. Оған қоқыс шығару сияқты жұмыстар қарастырылған, бұл айына шамамен 40 сағат. Сондай-ақ, бір қарауылдың, екі күзетшінің және үш жұмысшының жалақысы қарастырылған, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бағдат Жингулова.

 

Бүгінде зират қоқыстан тазартылған. Дегенмен алда марқұмдарды еске алу күні келе жатыр. Осы орайда коммуналшылар шаһар тұрғындарына қалдықтарды оңай алынатын жол жиектеріне қалдыруды сұрауда.

 

- Павлодар қаласының тұрғындарына, адамдарға айтарым қалай болмасын қоқысты жол жиегіне қалдыруды сұраймын. Себебі жинауға ыңғайлы болады. Біз демалыс және мереке күндері де жұмыс істейміз, ал мамырдың 9-11 күндері келушілердің көп болатынын өздеріңіз білесіздер, - деді мердігер Анатолий Конвишер.

 

Оған қоса құрлыстық материалдарды адамдар өздері алып кетулері тиіс. Бұл олардың қызметтеріне кірмейді. Айтуларынша алдағы 3 ай көлемінде үлкен көлемдегі қоқыс қалдықтарын шығармақ. Егер талаптар сақталмаса зиратты таза ұстау қиынға соғады дейді.