• Басты бет
  • Қоғам
  • Қаланың солтүстігіндегі гидравликалық сынақтардан соң 75 ақау анықталған

Қаланың солтүстігіндегі гидравликалық сынақтардан соң 75 ақау анықталған

№2 және №3-ші жылу энерго орталығына тиесілі желілердің гидравликалық сынақтары тамыздың 8-інен 13-і аралығында өтті. Осы уақытта аталмыш аудандағы үйлер қайнақ судан ажыратылды. Бүгінде алпауыт мамандары жұмыстардың қорытындысын жариялады.

 

- Сынақтардың қорытындысы бойынша 75 ақау анықталды. Осыған байланысты бүгінгі күні қаланың солтүстігіндегі 396 көпқабатты қайнақсыз қалды. Ал 138 үйге ыстық су беру қалпына келтірілді. Анықталған ақаулар бекітілген жоспар бойынша жойылады» - деп хабарлады энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Ыстық судан ажыратылған үйлердің тізімі және қайнақты беру мерзімі алпауыттың сайтында жарияланды. Олар барлық ақауларды қырқүйек айының 15-іне дейін жоюды жоспарлап отыр.

 

Айтмұхамбет Айғожа