Қалаған оқушылар маусымның 19-на дейін білім алады

Оқу жылы дәстүрлі түрде мамырдың 25-і аяқталады. Ал жиырма алтысынан маусымның 19-на дейін жазғы мектеп басталады. Негізгі мақсаты оқушылардың білім сапасын көтеру. Басымдылық үлгерімі төмен сонымен қатар, 6, 7, 8, 10-сынып оқушыларына беріледі. Себебі олар биылғы оқу жылында көбіне қашықтықтан оқыды. Айта кететіні, ешкімді мәжбүрлемейді, бұл ата-аналардың өтінішімен. Пәндерді де өздері таңдай адады. 

 

- Мұғалім оқыту формасын өзі  таңдай алады. Дәстүрлі түрде сабақ өткізу қажет деген талап жоқ. Сабақтар жоба негізінде, тәжірибе ретінде, тіпті зерттеулер, таза ауадағы сабақтар болуы мүмкін. Басты мақсат оқу жылында оқушының түсінбегенін оқытып, қандай да бір олқылықтарды жою, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Жанат Асаинова.

 

Мектеп формасына қатысты талап жоқ. Ал жазғы лагерлердің болуы болмауы екі талай. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты дейді білім басқармасындағылар.