• Басты бет
  • Қоғам
  • Қамзин көшесіндегі 58-үйдің тұрғындары қысы-жазы су жылытқыштарын өшірмейді

Қамзин көшесіндегі 58-үйдің тұрғындары қысы-жазы су жылытқыштарын өшірмейді

Температурасы 40 градусқа әрең жетеді. Адамдар ыстық судың жоқтығынан балалар, зейнеткерлер ауырып қалулары мүмкін дейді. Ал олар бұл үйде көп. Аталған мәселемен  бірнеше рет ПИК-ке және қалалық әкімдікке жүгінген. Нәтиже жоқ. Кезекті қысты суық сумен өткіземіз деп уайымдауда.

 

- Қамзин 58/2, 58/1 және 58-үйлерге бір су жылытқыш орнатылып, қосылған. Бұл ретте Қамизин көшесіндегі 58-үй соңғы болып тұр. Атап өтетіні, 10 жылға жуық бұл құрылғы жылыту маусымына дайындалмаған. ПИК жуу, қысыммен тексеру, жез құбырларды механикалық тазалау сынды ешқандай техникалық шаралар жүргізбеген, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бойынша бөлімінің маманы Екатерина Байжуманова.

 

Энергетикалық компанияда адамдарға бойлер тозған деген қорытынды беретін тәуелсіз сараптама жүргізуге кеңес берді. Бұдан бөлек, алпауыт қазіргі таңда қалада 922 үйде ыстық су барын мәлімдеді. Қалғаны зақымданғаны үшін ажыратылған. Оның ішінде 98-і әлі де жойылмаған. Барлық көпқабатты үйлерде ыстық су қыркүйектің екінші жартысында пайда болады. Ал жылу беруге дайынбыз дейді. Тек қалалық әкімдіктің қаулыға қол қоюын күтуде.