• Басты бет
  • Қоғам
  • Қамзин көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде ыстық су жоқ

Қамзин көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде ыстық су жоқ

Жергілікті ПИК төрағасының айтуынша, мәселе жертөледегі жылу құрылғысында жатыр. Оны ауыстыруға дайын, бірақ «Жылу желілерінен» арнайы рұқсатнама қағазын күтуге мәжбүр.

- Ыстық суды таңғы сағат 4-5-тің кезінде ұстауға мәжбүрміз. Көп уақыт бойы ағызамыз. Оның өзінде температурасы сәл ғана жылы. Мәселе бойынша жылу желілері, тұрғын үй инспекциясы мамандарын шақырып, жиналыс өткіздік. Алайда, бұдан еш өзгеріс болған жоқ, - дейді Қамзин көшесіндегі №58/2-үйдің тұрғыны Лидия Павлюченко.

Мәселеге қатысты алпауыт мамандары аталмыш мекенжайға барып, желіні тексерді. Жылу құрылғысын алмастыру үшін орталық жылу беруші камераны ажыратуға тура келеді. Ол өз кезегінде жүйе көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Аталмыш шара қысқы уақытта магистральде апат орын алған жағдайда ғана орындалады. Сол себепті бұл көпқабаттылардың қызмет көрсетуші ұйымдарына жылу беруші құралдарын тексеру кеңесі берілді. Жұмыстар маусым аяқталғаннан кейін орындалуы мүмкін. Ол үшін жобалық құжаттама дайындау қажет. Қысқаша айтқанда Қамзин көшесіндегі 58/2 және 60-үйлердің тұрғындарына жоқ дегенде күн жылынғанша ыстық сусыз отыруға тура келеді.