Қамзин көшесіндегі жол үстінде орналасқан құдықтар қозғалысқа кедергі келтіруде
Қазправдадан Ладожскаяға дейінгі Қамзин көшесіндегі асфальтты қалпына келтіру мамыр айында басталды. Бүгін мұнда жұмыстарды жалғастыруға жауын-шашын кедергі келтіруде. Асфальт толығымен салынған соң, шығып тұрған құдықтардың да мәселесі шешіледі дейді әкімдіктегілер.
- Қазіргі таңда мердігер асфальтбетон жабынының бірінші қабатын салу жұмыстарын аяқтады. Екінші қабатын төсеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Барлығы аяқталған соң Қамзин көшесіндегі жылу камералары құдықтарының деңгейін жолмен теңестіреді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Жұмыстарды маусымның 25-іне дейін аяқтауды жоспарлауда. Дегенмен барлығы ауа райына байланысты дейді әкімдіктегілер. Сондықтан тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.
