Қашан жарық болады?

Жарықшамдарға қаншы қаражат жұмсалғанымен олар жанбайды деп шағымдануда павлодарлықтар. Адамдар кешкі уақытта жұмыстан қайтқанда телефон шамдарын  қосуға мәжбүрміз дейді. Қаланың көптеген ауласында бағаналар болғанымен жарық қосылмады. Жарықшамдар қаланың түрлі бөлігінде жұмыс істемейді. Адамдар түнгі уақытта түсірілген бейнелерді редакциямызға жіберді. Өткен аптаның өзінде 15 шағым түсті. Мысалы, телеорталық ауданындағы бағаналар көктемде орнатылды. Қыс басталғанымен әлі бір рет те қосылмаған. Адамдар қараңғыда үйге бару нағыз сынақ дейді.  Естеріңізге салсақ, өткен жылы аулаларды жарықтандыруға  жарты миллиард бөлінді. Биыл 200 миллион. Бүгінде ондаған мекенжайда мәселе бар. Бағаналар орнатылған, алайда жарық қосылмаған. Қала әкімдігінде мәселе туралы біледі. Оның алдында мердігер алақол деп танылды. Сол кезде қыркүйектің соңында барлық бағаналар іске қосылады деген уәде берген еді. Бүгінде мәселеге қатысты түсініктеме беруге дайын болмады.