Қашан жылы болады?

-Үйге ортақ жүйеге нормаға сай параметрлер келуде. Ішке 68 және сыртқа 48. Мәселе пәтерлердің өзінде бар. Көпқабатты үйде жылу беру үдерісі қалыпты,- деп түсіндірді қызмет көрсетуші ұйым басшысы Вадим Жемалутдинов.

 

ПИК өкілі батареялардан ауаны шығаруға кеңес береді. Сондай-ақ, фильтрлердің тазалығына мән беру қажет дейді. Жаңадан жасалған құжат бойынша сантехник  әр пәтерді аралай алмайды. Бұған қаражат қарастырылмаған. Үйдің кепілдік мерзімі әлі аяқталған жоқ.