• Басты бет
  • Қоғам
  • Қауіпті мұз. Павлодарда әуесқойлар жұқа мұз үстінде балық аулауда

Қауіпті мұз. Павлодарда әуесқойлар жұқа мұз үстінде балық аулауда

Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында мамандар Усолкадағы Ертіс өзені бетіне шықты. Қазірдің өзінде су шетінде 5, ортасына қарай 10 сантиметрге әрең жетеді. Бүгін балықшыларға жаднама таратып, мұз ұстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді. Құтқарушылардың айтуынша балық аулау маусымы басталуының нақты мерзімі жоқ. Барлығы ауа райына байланысты.

-Балықшылар мұзға шыққанда олардың қолдарында ұзындығы 15-20 метрді құрайтын жіп болуы керек. Егер біреуі құлап кеткен жағдайда оны лақтырып алып шығады. Балықшыларға топтанып отыруға болмайды. Әрбіреуінің радиусы жоқ дегенде 8-10 метрді құрау керек, - дейді Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерлан Касимов.

Су үстінде еркін қозғалу үшін мұздың қалыңдығы 15-20 сантиметр болу керек. Алайда құтқарушылар балықшыларды мұзда отырғаны үшін жазалай алмайды. Сол себепті үнемі сақ болып, оның қабаты мен құрылымына мән беруді сұрайды.