• Басты бет
  • Қоғам
  • Қауіпті нысан. Павлодардағы аулалардың бірінде басталған құрылыс алаңы қоршалмаған

Қауіпті нысан. Павлодардағы аулалардың бірінде басталған құрылыс алаңы қоршалмаған

 Катаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындары балалар алаңының дәл жанындағы құрылысқа наразы. Олар салынып жатқан ғимараттың қоршалмағанын айтады. Әкімдікке арыз жазғандарымен, ешбір өзгеріс жоқ дейді.

 Катаев, 28 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанындағы ескі ойын алаңы балалар жиналатын жалғыз орын емес. Мұнда таңдау аз, сондықтан бірнеше жыл бойы №24-үйдің қараусыз қалған бөлігі нағыз кішкентайлардың уақыт өткізетін мекеніне айналған. Жақында ол жердегі терезелерге торлар орнатылып, екінші қабатты салуға кіріскен. Адамдар таңертеңнен бастап бүкіл аулада шу деп шағымдануда. Бұл ретте аумақ қоршалмаған, тұрғындар ғимараттың не үшін салынып жатқанына тек болжау жасауда.

- Балалардың басқа ойнайтын жері жоқ. Олар осылай қарай жүгіреді де тұрады. Әрине қорқынышты. Себебі құрылыс алаңы болған соң, жүк көліктері жүреді, крандар түрлі кірпіштерді тиеп жатады, - дейді тұрғындардың бірі.

Жергілікті тұрғындар балалары үшін алаңдайды. Айтуларынша, құрылыс ойын алаңына жақын жерде жүргізіліп жатыр, біреудің басына кірпіш құлайды ма деп үрейленеді. Қалалық әкімдікте адамдардың қорқынышы орынды екені айтылды.

- Тұрғындардың Павлодар қаласы әкімдігіне жолдаған өтініші бойынша сәулет бөлімінің мамандары бұл нысанға барып, меншік иесіне тамыздың 10-на дейін құрылыс аумағына қоршау орнату туралы тапсырма жүктелді, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Айту керек, қала әкімдігі жер телімі мен құрылысы аяқталмаған ғимараттың жекеменшік иелікте екенін жеткізді. Аталмыш жұмыстардың мақсаты - тұрғын үй құрылысы. Алайда, бұл нысанның ешқандай төлқұжаты жоқ.