Қауіпті от шашу. Павлодар облысының өрт сөндірушілері мерекеде абай болуға шақырады
Мамандар мейрам алдында әсіресе үйдегі шыршаға түрлі жарық шамдар жаққан кезде өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.
- Қолға ұстап жағатын бенгальдық от шашулар тез тұтанатын заттарға түсуі әбден мүмкін. Бұл ретте де от шығу қауіпі туындайды. Сонымен қатар атылмай қалған пиротехникалық бұйымдарды да тиісінше жою керек, - дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Қайрат Шаймарденов.
Сонымен бірге Төтенше жағдайлар департаменті мамандары шырша құрылған барлық мемлекеттік және жекеменшік ғимараттарда, оқу орындары мен балабақшаларда ертеңгіліктер өткізілмесе де барынша абай болуға кеңес береді.