• Басты бет
  • Қоғам
  • "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның 2030 жылға дейінгі экологиялық стратегиясы

"Қазақстан алюминийі" АҚ-ның 2030 жылға дейінгі экологиялық стратегиясы

Онда Павлодар облысын көгалдандыру жоспары мен қоршаған ортаны қорғау стратегиясы талқыланды. "Қазақстан алюминийі" АҚ үшін экология, эмиссияларды төмендету және көгалдандыру мәселесі жоғары басымдыққа ие. Көп жыл бойы компания арнайы стратегияны жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына қаражат аямайды. Компанияның 2022-2030 жылдарға бөлген инвестициясы 84 миллиардтан теңгеден асады. Бұл атмосфераға шығарылатын қатты заттар қалдықтарын айтарлықтай азайтады.

 

-Біз ERG кәсіпорны ретінде 2030 жылға дейін есептелген экологиялық стратегияны іске асырамыз, бұл стратегия газ тазалау жабдығын қайта жаңартуды көздейді. Бұл бізге қатты заттар қалдықтары мен шығарындылардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 14 электр сүзгісі жаңғыртылатын болады,- дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов.

 

Бұдан басқа, 1-ЖЭО-да күлтұтқыш төрт қондырғы жаңартылады. "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның экологиялық саясаты айқын, сондықтан әркім қалада орнатылған LED-экрандардан ауадағы заттардың шоғырлануы жөніндегі деректерді бақылай алады. Санитарлық - қорғау аймағы шекарасындағы автоматты мониторинг бекетін кәсіпорын 2018 жылы орнатқан.

 

Осы бағытта сауатты жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі. Тіпті қазір аумақты аралап жүргенде, экскурсияда қайыңның өте жақсы күйде екенін байқадым. Бұдан олардың жақсы күтімде екенін көруге болады,- дейді биолог Татьяна Пономарева.

 

"Қазақстан алюминийі" АҚ-да Павлодар облысын көгалдандыру бойынша ауқымды жоспарлар бар. Төрт жыл ішінде 70 000-ға жуық ағаш отырғызылмақ. Әкімдікпен келісім бойынша жер телімі белгіленген. Айта кету керек, кәсіпорын мамандары көшеттерге жыл бойыкүтіп-баптап, кейін қала балансына береді.

 

Авторы:Азамат Айтхалин