• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстан электролиз зауыты қызметкерлері Павлодар колледжі студенттерімен кездесті

Қазақстан электролиз зауыты қызметкерлері Павлодар колледжі студенттерімен кездесті

 

 

Еңбек жолын енді ғана бастаған мамандар жастарға кәсіпорын жұмысы жайлы толық ақпарат берді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері студенттермен кездеспес бұрын креативті таныстырылым әзірледі. Бұл ретте, кәсіпорынның бетке ұстар мамандары сөз сөйледі. Жиналған қауым да қысылмай, көкейкесті сұрақтарын қоя алды.

 

 

- Біз осы форматта болашақ жас қызметкерлерімізбен түрлі бағыттағы колледждерде бес жылдан бері сөйлесіп келеміз. Бүгін төрт оқу орнының өкілдері қатысты. 00.23. + 01.56. Бүгін жас мамандар сөз сөйледі, олар бізге кәсіпорынға озық қабылдау рәсімі бойынша келді. Яғни, бұл мамандарға біздің кәсіпорында тәжірибеде бола тұра, бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді,-деді "ҚЭЗ" АҚ персоналды дамыту жөніндегі сарапшы, Оксана Ротанова.

 

ERG кәсіпорындары, оның ішінде ҚЭЗ павлодарлық ЖОО және колледждерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейді. Мәселен, Амир Камиев студенттерге ҚЭЗ-дағы жұмысы туралы баяндама ұсынды. Жас маман кәсіпорын таңдауда қателеспегенін айтты.

 

- ҚЭЗ-менің екінші үйім, мен онда жеті жылдан бері жұмыс істеп келемін, сонымен қатар, металл құюшы болып бастадым, содан кейін энергетикалық қондырғылардың операторы болдым. Оператордан кейін жоғары білікті инженер болып жұмыс істедім, қазіргі лауазымым энергетикалық жабдықты пайдалану учаскесінің сарапшысы,-деді "ҚЭЗ" АҚ энергия жабдықтарын пайдалану учаскесінің сарапшысы, "ҚЭЗ" АҚ Jastar Ligasy басшысы Амир Камиев.

 

Жас металлургтер қазірдің өзінде ҚЭЗауытының болашағы жарқын екеніне көздері жетті. Кәсіпорын мансапты, жоғары жалақы мен кәсіби өсуді ұсынады. Тәлімгерлік жүйесі белсенді жұмыс істейді.

 

- Мен Қазақстан электролиз зауыты туралы білемін, бұған дейін естігенмін, бізге түсіндірген болатын. Онда жұмыс істейтін көптеген таныстарым бар, қазір тәжірибе де өтіп жатыр, Мен де тәжірибе алып, егер маған ұнайтын болса, мүмкін болашақта сол жерге жұмысқа орналасамын,-деді Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенті Анатолий Захаров.

 

Кездесуге қатысушылар ҚЭЗ өкілдеріне сауалдарын қоя алды. Студенттерді жалақы мөлшері мен еңбк жағдайы қызықтырды. Олар кәсіпорында әлеуметтік бағыт басымдыққа ие екеніне көз жеткізді.