• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстан электролиз зауытында алюминийдің үш миллионыншы тоннасын өндірді

Қазақстан электролиз зауытында алюминийдің үш миллионыншы тоннасын өндірді

Құю цехы - ҚЭЗ жүрегі. Заманауи конвейерлер тәулігіне 700 тоннадан аса металл шығарады. Күн сайын бұл көрсеткіштерді ұлғайтуға тырысады. Зауытта тек қана кәсібіи мамандар тер төгеді, мұндай науқанды жұмыс негізінен көбінесе олардың ерен еңбегі. Өз ісіңе адал жандарды аймақ басшысы келіп құттықтады.

 

- Бүгін сендер үлкен белесі бағындырдыңдар. Үш миллион тонна алюминий. Қазіргі таңда Қазақстан алюминийі әлемнің тоғыз еліне экспортталады. Сіздердің еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бүкіл әлемге әйгілі. Дайын өнім көптеген елдің сөрелерінде тұр. Бұл Қазақстан электролиз зауытының арқасы, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

 

 

- Бұл алты нөлі бар жай ғана цифр емес. Әр нөлдің әр тоннаның артында біздің жұмыскерлердің кәсібилілігі, олардың еңбегі, бастамалары тұр. Олар сәтсіздікте де, қуанышты да бірге келеді. Аталмыш оқиға зауыт үшін өте  маңызды. Бұл зауыттың деңгейін көрсетеді, - деді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті Серік Дөңбекбаев.

 

 

Қазақстан электролиз зауыты әлемдегі тақілеттес екі жүз ірі зауыттың ішіндегі ең үздік ондыққа кіреді. 13 жыл бұрын алғашқы қанатты металды қорытудың технологиялық процесін аяқтағандардың бірі құюшы Асқар Нұрпейісов.

 

- Мен сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қатты толқып тұрмын. Мен бұл туралы немерелеріме айтып беремін. Бұл шынымен де біз үшін үлкен мереке. Қалай барлығын алғаш бастағанымыз әлі есімде, - деді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ түсті металл құюшысы Асқар Нұрпейісов.

 

 

Кәсіпорында әрдайым таңқалдыруға дайын. Қызықты дерек: егер ҚЭЗ -да өндірілген барлық алюмимний бар пакеттерді бір сызыққа жинаса оның ұзындығы Германия, Франция және Испания секілді үш еуропалық елдің  астаналарының арасын қосатын жолмен тең болар еді. Алюминийдің 3 миллион тоннасынан ең танымал  100 мыңнан астам «Боинг-737» жолаушылар ұшағының құрылымын жасауға болады.