Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл

ҚМДБ осыдан 30 жыл бұрын Өзбекстандағы Орта Азия мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп шығып, дербес болып құрылды. Бұл сала ел тұрғындарына Ислам дінінің ханафи мазһабын насихаттап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, білімді мамандар дайындап және жат ағымдармен күрес жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мерейтойға орай бүгін Ақ мешіттің аумағында шырша, қарағай,  қайың ағаштарын отырғызды. Облыс орталығымен қатар аудандарда бұл акцияны іліп әкеткен.

 

- Республика бойынша барлық өңірлерде, облыс орталықтарында тал егу акциясы басталады және ол аяқталады. Тал егуді көктемнен бастап қолға алдық. Осы уақытқа шейін 1800-ден астам талдарды ектік. Олар әкімшілік өкрсеткен орындарға және мешіттің аумағында өз орнын тапты, - дейдіМәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына байланысты еліміз бойынша жер-жерде игі шаралар жалғасын тапқан. Бұл жетім балаларға көмектесу, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмектесу, бұлақ көзін ашу, мешіттерді жөндеу, құдық қазу, көпір салу және т.б.