Қазақстан құсбегілерінің басы Павлодарда қосылды

- Есімі - Алатау. Бір жыл бойы біргеміз. Алдында Көкшетауда 1-орын алған. Алматы облысында екінші орын алды. 1 жыл бойы осымен айналысып келе жатырмын. Құсбегілікпен 5-6 жыл болды, айналысып жатырмын. Әкемнен үйренген бұл дәстүрді. Әкемнің жолын қуып жүрмін, - дейді жас құсбегі Берікболсын Бабажан.

 

Павлодарға 12 облыстың кұсбегілері келді. Үлкені 21-де болса, ең кіші қатысушы 9 жаста екен. Үздіктердің Ертіс-Баян жерінде бас қосуы да бекерден-бекер емес. Кезінде Тасыбаев Иманзайып ақсақал бастаған ата дәстүрді жалғастырып келе жатқан жергілікті спортшылар аз емес.

 

- Біздің облысымызда өткізген себебіміз ұлттық құндылығымызды сақтап қалу мақсатында. Құсбегіліпен айналысатын жастары саны артып келеді. Ақтоғай, Баянауыл ауданы, Ақсу қаласының бүркітшілері бар. Жүлделі орындарға ие болады деп ойлаймыз, - М.Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубының басшысы Дархан Жоломанов.

 

«Құлагер» ипподромында өтіп жатқан дүбірлі жарыс демалыс күндері де жалғасын табады. Алда қоянды іліп алу аталымдары өтеді деп жоспарлануда. Жеңімпаздар спорт шебері атағымен қатар, ақшалай сыйлықтарға ие болады.