Қазақстанда халық санағы қалай өтеді?

Биыл ұлттық халық санағы онлайн және дәстүрлі форматта өтеді. Қыркүйетің 1-інен қазанның 15-і аралығында өңір тұрғындары басқа қазақстандықтармен қатар sanaq.gov.kz сайтындағы сауалнаманы өздігімен толтыра алады. Жүйе 24 сағат қолжетімді болады.  Аймақтағы пәтерлерді аралап, сауалнама толтыру қазан айында жүреді.

- Барлық респонденттерге интервьюерлер қолдарына  санаққа қатысты деген анықтама береді. Ал онлайн режимде қатысқандарға мобилді телефон нөміріне және электрондық поштаға СМС хабарлама келеді. Санаққа қатысқандарын растайтын анықтамалары бар респонденттер қайта қатыспайды, - дейді Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің басшысы Жақан Жакенов.

Департамен басшысының айтуынша қазіргі таңда халық санағын ұйымдастыратын мамандар тапшылығы бар. Сондықтан мәселені шешу үшін студенттерді жұмысқа тарту көзделіп отыр.

- Ең бастысы бұл адами капитал, адами ресурс. Ол болмаса біздің ұлттық санағымыз толық, сапалы түрде өткізілмейді. Сондықтан әкімдерге тапсырма беремін жеке, екіншіден адамдар резервте болуы керек, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Аймақ басшысы мамандардың екпемен қамтылу мәселесін де қозғады. Санақ кампаниясы кезінде санитарлық нормаларды сақтауды тапсырып, 10 жылда бір өтетін шарада сапалы жұмыс жасау керектігін алға тартты.