• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстанда әлеуметтік желілерге бұғат салынуы мүмкін бе?

Қазақстанда әлеуметтік желілерге бұғат салынуы мүмкін бе?

Психологтердің мәліметінше әлеуметтік желі күніміздің 50 пайызын емес, 80-90 пайызын жаулап алған. Тіпті қазірдің өзінде виртуалды әлемде өмір сүріп жатқанымызды аңғармай қаламыз. Бұл ретте қазақстандық шенділер балаларды тыйым салынған контенттерден қорғауды қолға алмақ. Ал павлодарлықтар осындай пікір қалдырды.

 

- Әрине тыйым салған жөн. Әлеуметтік желі лас дүниелерге толы, - дейді павлодарлықтардың бірі.

 

 

- Керек емес. Адамдар қазір көзбе көз көрісуге уаөқыт таппайды. Ал әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен хабарласып отырады, - деді павлодарлық жастардың бірі.

 

 

Шаһар басшысының орынбасары Светлана Гладышева - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы. Асайын Байханов пен оның командасы ғаламтор арқылы барлық қалаға қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмауға тырысады. Шенеуніктер кей платформаларда ондай қатты ештеңе жоқ, сол себептен барлығына тыйым салуды жіті қарастыру қажет дейді.

 

- Әлеуметтік желінің ұтымды және жағымсыз тұстары бар. Адамдарға әсер етуі жағынан әлбетте негативті, балалар желіге есіл дертімен беріліп қарайды.  Мен үшін «Facebook» басты парақша, онда барлық жаңалықтар жан-жақты жүктеледі, - дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. Егер заң қабылданса, онда әлемдік онлайн-байланыс көшбасшылары барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақытын кетіреді. Ал бұл Қазақстанда заңды тұлғаны немесе филиалды мемлекеттік тіркеу болып табылады. Нормалар орындалмаған жағдайда әлеуметтік желі жұмысы шектелуі мүмкін.