• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстандық танымал саяхатшы: «Павлодар облысында жол үсті бизнесі мүлдем дамымаған»

Қазақстандық танымал саяхатшы: «Павлодар облысында жол үсті бизнесі мүлдем дамымаған»

35 жасар Дамирдің негізгі жұмысы - волонтерлік. Қайырымдылық істерден бос уақытын, саяхатқа арнайды. Кезінде Алматыдан Семейге 1200 шақырымдық жолды жаяу жүріп, «Абайға жол» сапырмен көзге түскен. Ал осы жолы велосипедпен өткізіп жатқан саяхатын егемендігіміздің 30 жылдығына арнаған. Біздің жерімізге алғашқы рет келген Дамир бірқатар қиындықтармен де кездескен.

- Солтүстік-Шығыс бағытында кемпинг деген ұғым мүлдем жоқ. Егер, Қызылорда, Шымкенттегі тас жолдар бойында қызмет көрсету саласы дамыған болса, сіздердің трассаларыңызда мүлдем жағдай жасалмаған. Жол бойында тоқтап, қонақ үйде қонып, киім жуып, тамақтанып, демалып, қайта жолға шығуға қажет нысандар жоқ. Бұл саяхат жасауға кедергі. Жолда кездесетін тұрғындарға алғысым шексіз. Баспана беріп, тамақ беріп, қолдау көрсетеді, - дейді саяхатшы Дамир Кушеев. 

Павлодарда екі күн күш жинап, Дамир өз сапарын жалғастырады. Алда Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан қалаларын аралап, қайтадан Алматыға оралады.

 

Авторы: Дархан Бекишев