Қазақстаннан шыға алмаған шет елдіктерді заңдастыру мерзімі ұзартылды
Айта кету керек, шетел азаматтарына ҚР тұру үшін рұқсат құжаттарын алу шаралары маусымның 5-не дейін жалғасады. Бұл біздің елде жұмыс істеп жүргендерге және туысқандарына келуші шетелдіктерге қатысты.
- ҚР аумағында бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп жатқан шетелдіктерге келсек, олар халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп жаңа еңбек келісімшартын алып, уақытша тұру үшін рұқсат қағазын рәсімдейді, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Уәлиев.
Ал сот шешімімен елден қуылған азаматтар көлік қатынастары реттелгенше Қазақстанда тұра алады. Егер маусымның 5-не дейін рұқсат құжатын алып үлгермесе айыппұл салынады. Ол үшін көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
- Ал жеке мақсатпен келген адамдардың елде болуға құқықтары жоқ. Оларға ҚР аумағында бір жылдан артық рұқсат етілмейді. Дегенмен де егер мүмкіндіктері болмаса біз жауапқа тартпаймыз, бесінші маусымға дейін біз олардың елде болуын заңдастырамыз, - деді Арман Уәлиев.
Павлодар облысында Жыл басынан 350-ге жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот олардың 25-не қатысты елден шығару туралы шешім қабылдады.

