• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі фермерлерге бағыт бағдар берілуде

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі фермерлерге бағыт бағдар берілуде

Бізде көкөністерді қалай дұрыс өсіру керектігін үйренді, бірақ оларды сақтап, тұтынушыға жаңа және құнын асырмай қалай жеткізу керек? Ұлттық тарату жүйесі мәселені осындай шешуге көмектеседі. Бұл - үлкен инфрақұрылымдық жоба. Павлодар облысында оның аясында жалпы сыйымдылығы 30 мың тонналық қоймалар салу жоспарлануда. Диқандарға идея ұнады. Өйткені, бұл бірден бірнеше маңызды мәселені шешуге тамаша мүмкіндік.

-Бүгінде шаруалардың көпшілігі өнімді табысты өндіруде. Бізде тәжірибе, техникалық әлеует бар. Қазір бұл өнімдерді сақтау өте маңызды. Оны тұтынушыға сапалы түрде жеткізу қажет. Сондықтан мұндай логистикалық сақтау және өңдеу орталықтарының уақыты келді,-дейді «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басқарма төрағасы Байжан Уалиханов.

Бүгінде көптеген фермерлер егінді жертөлелерде сақтайды, кейін оларды сатады. Көкөністер бұзылады және одан өндірушіден тұтынушыға дейін барлығы зардап шегеді. Ұлттық сауда және тарату желісінде сатып алушыны күтетін картоп пен сәбіз сақталатын үлкен қоймалар ғана емес, бұл арнайы жабдықталған қабылдау, калибрлеу, сұрыптау және сату алдындағы дайындық желілері бар күрделі логистикалық кешендер, әртүрлі климаттық режимдері бар камералар.

-Қазақстанда технологияларда, панельдерде үнемдеген жағдайлар болды. Олардың барлығы 2 жылда жарамсыз болып қалды. Тесіктер пайда болып, жүйе жұмыс істемейді. Сондықтан біз барынша еуропалық тәжірибені пайдаланамыз. Бүгін бөлшек сауданы да шақырдық. Олар тазаланған өнім алғысы келетін тұтынушы тарапынан трендтер туралы айтты. Үлесі артатын болады. Сапа стандарттарына да үлкен талап бар. Агрологистикалық орталық базасындағы фермерлер кооперациясы сұрыптау, калирбовка, қаптау секілді қызметтерді ұсынады. Бұл кооперация агроконсалтинг сынды бағытты дамытуға мүмкіндік береді,-дейді «НТРС» ЖШС төрағасының орынбасары Михаил Филипов.

Сауда-тарату орталықтары Қазақстанның бірнеше аймағында орналасады. Павлодар облысы жобаның жүзеге асуын күтуде және болашақта бұл нысан картадағы ең маңыздылардың біріне айналуы мүмкін, өйткені өңірдің агроөнеркәсіптік және тұтынушылық қызығушылық тұрғысынан да әлеуеті зор.