• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстанға аумағына Грузия және Әзірбайжаннан әкелінген көліктердің көбісі кедендік тексерістен өтпеген

Қазақстанға аумағына Грузия және Әзірбайжаннан әкелінген көліктердің көбісі кедендік тексерістен өтпеген

Қазақстанға 8 мыңнан астам жаңа, әдемі, қуатты машина әкелінген. 116 темір тұлпар қазірдің өзінде уақытша тұраққа жөнелтілген. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген автокөліктер кедендік бақылауда болады және шетелдік тауар саналады. Сондықтан мұндай көліктерді бірқатар міндетті процедуралардан өткеннен кейін ғана сатып алу қажет.

 

- Бұл көліктерді толық кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін ғана сатып алып, басқарасыз. Сәйкесінше барлық төлемдер мен салықтарды төлейіз. Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер депарменті облыстық полиция департаментімен бірлесіп, мұндай көліктерді анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастыруда, - дейді Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаменті кедендік басқару басқармасының басшысы Тілектес Тусетаев.

 

Салықшылардың айтуынша кәсіпкерлердің жүйесі жолға қойылған. Грузия мен Әзірбайжан азаматтары машинаны Қазақстанға өзімізге деп әкеледі. Алайда тез арада қазақстандықтардың меншігіне өткізіп, заңды бұзып, кетіп қалады. Үшінші елдерден әкелінген шетелдік нөмірлі көліктердің кедендік рәсімдеуден өтіп-өтпегенін білгісі келетін Павлодар облысының тұрғындары мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласа алады.