Қазақтың «Ашамайға мінгізу» жоралғысын білесіз бе?
Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл ретте этномәдени бағытта тәрбие беретін №120 балабақшаның бүлдіршіндері ұлтымыздың ұмытылып жатқан салт дәстүрін көрсетті. Ежелден келе жатқан өкінішке орай соңғы уақытта ұмтылуға айналған салты дәстүрлердің бірін "ашамайға мінгізу" деп атаған. Бала туғанда оған туыстары оған тай мінгізеді. Сол тайға мінгізу оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді.
-Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келіп, оған тай атап, ашамай істетіп, қамшы өріп, сен азамат болдың деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді басқа балалар алдында мейірін көтереді.мақтаныш сезімде болады, тез есейеді,- дейді №120 сәбилер бақшасының даярлық тобының тәрбиеленушісі Айзере Макина.
Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ақ тілек айтылған соң, баланың сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады.
-Наурыз жыл басы, тойдың басы. Олай болса біз де Наурыз мерекесін ерекше бағалап, жыл сайын тойлауды әдетке айналдырдық. Балалар би билеп, ән айтып, спорттық бәсекелерге қатысып, айтысқа түсіп, салт-дәстүрлерді көрсетіп, наурыз жырларын айтып өз көңілдерін көтереді. Әр топты Қыдыр ата аралап, бақыт тілеп бата береді,- дейді №120 сәбилер бақшасының басшысы Айгүл Мақан.
Баланы ашамайға мінгізу баланың атқа отыра білу, қолқанат болу, баланың мықты, табанды болып өсуін қамтамасыз ететін дәстүрлеріміздің бірі деуге болады. №120 балабақша ұжымының тәрбиешілері өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді басты мақсаты санайды.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы