• Басты бет
  • Қоғам
  • ҚЭЗ акционерлік қоғамында соңғы жылдардағы ең ірі жаңарту орын алды

ҚЭЗ акционерлік қоғамында соңғы жылдардағы ең ірі жаңарту орын алды

Маршрутқа үш жаңа автобус шықты. Кәсіпорында атап өткендей, соңғы жылдары бұл жолаушылар көлігі паркінің ең ірі жаңартуы болып табылады. 10 жыл бойы жұмыскерлерді тасымалдап келген Сағындық Бекжанов автопарктің жаңартылғаны қуантарлық жаңалық дейді.

 

  • Өте керемет, автобус ыңғайлы, бізде кондиционер бар, орындықтар басқаша, жұмсақ, ал автобустың өзі камералармен жабдықталған, Мен мұнда автобус салонында не болып жатқанын көре аламын. Өте жақсы жабдықталған. Панорамалық әйнек үлкен, ол жүргізушіге өте ыңғайлы,- дейді "КЭЗ"АҚ автобус бригадасының бригадирі Сағындық Бекжанов.

 

Қазақстан электролиз зауыты жаңа автобустарының жиынтығы қомақты. Айту керек, оларды қоғамдық көлік ағынында оңай тануға болады. Нақтырақ айтсақ корпоративті түстермен безендірілген. Артықшылықтардың ішінде жылдамдықты бақылау, қозғалыс координаттарын талдау, отын шығынын бақылау бар. Жүйе жинаған барлық деректер автоматты түрде кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жіберіледі. Салондағы жолаушылар үшін - қыста да, жазда да ыңғайлы болады.

 

-Маған біздің тасымалдау ұнайды, әрқашан таза, жайлы, жүргізушілер қашан да сыпайы. Жаңа автобустар өте ыңғайлы. ERGbus туралы да айтқым келеді, бізде Smart ERG қосымшасы бар, біз оған кіріп, қандай тасымал қажет екенін көре аламыз,- дейді ERG WAY жобасының бағыттаушысы Самал Аманжол.

 

ERGbus функциясының көмегімен автобустардың қозғалысын онлайн режимінде бақылауға болады. Сондықтан кәсіпорын қызметкерлері көлік қашан келетінін бір минутқа дейін анықтай алады. Қосымша смартфоны бар кез-келген адамға қол жетімді. Мұны істеу үшін Сіз Play Market немесе Aрр Store дүкеніне кіріп, оны телефонға жүктеп алуыңыз керек. Бұл-Қазақстандық электролиз зауытының әлеуметтік жауапкершілігінің мысалы.

 

  • Наурыз-бұл жаңару айы. Бір күн бұрын жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды. 2022 жылдан 2024 жылға дейін жұмыс жасайды. Қызметкерлеріміздің қолайлылығына барымыpды салудамыз,- дейді "ҚЭЗ" АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Александр Клименко.

 

Кәсіпорында жалпы саны 30-ға тарта көлік бар. Бәрі кезең-кезеңімен жаңартылмақ.

 

-Бүгінгі таңда бізде ауысымдық және күндізгі маршруттармен жүретін 18 бағыт бар. Сатып алынған үш жаңа автобус — біреуі ауысымдық, екеуі басқа маршруттарда пайдаланылады,- дейді "ҚЭЗ" АҚ көлік цехының бастығы Диас Асанов.

 

Жолаушылар автобустарынан бөлек зауытқа паллет тасығыш пен тиегіш сатып алынады. Кәсіпорындағы техникалық жаңғырту және әлеуметтік бағыт басты назарда

 

Авторы:Азамат Айтхалин