• Басты бет
  • Қоғам
  • ҚЭЗ-да еліміздің әр аумағынан келген болашақ металлургтер бас қосты

ҚЭЗ-да еліміздің әр аумағынан келген болашақ металлургтер бас қосты

«Металлургия» бағыты бойынша пәндік олимпиада Павлодарда өтуі кездейсоқ емес. Өйткені бұл жерде Еуразиялық топтың ең ірі кәсіпорындарының бірі орналасқан. Бұл алюминий шығару бойынша өндірістік рекордты жылдан жылға арттырып келе жатқан Қазақстан электролиз зауыты. Зауыт қызметкерлерге ең тиімді әлеуметтік жеңілдіктер мен еңбек жағдайларын ұсынады. Бұл жайлы экскурсияда республикамыздың жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына кәсіпорын басшысы жеке өзі айтып берді. Әрине жиналғандарды бұл таңғалдырды.

 

  • Бүгін біздің кәсіпорында біз үшін қызықты әрі маңызды Ашық есік күні өтуде, бұл шара жыл сайынғы дәстүрге айналды. Шара кәсіби бағдар беру жұмысы аясында өткізіледі. Оны Қазақстан электролиз зауытының мамандары жоғары оқу орындарының студенттері үшін жүйелі түрде өткізіп тұрады,- дейді "ҚЭЗ" АҚ HR-қызметі персоналын дамыту жөніндегі үйлестіруші Оксана Ротанова.

 

Азамат Бүрімбаев - Ақтөбе университетінің оқытушысы. Оның айтуынша, мұндай көлемдегі өндірісті алғаш рет көріп отыр. Бұл жерден электролизерлердің жұмысы, қанатты металды жасау процесі туралы білген.

 

  • Зауыт өте үлкен, біз жақсы әсер алдық. Өз көзімізбен алюминий қалай алынатынын көрдік. Бұл өте тиімді,- дейді Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы Азамат Бүрімбаев.

 

Айта кетейік, Жақсылық Мараш болашақ металлургтер арасында өткен республикалық олимпиада жеңімпазы атанды. Ол Шығыс Қазақстандағы техникалық университетінің 3-курс студенті. Оны кәсіпорындағы процестердің автоматтандырылғандығы таң қалдырды.

 

  • Дайын өнімнің қалай алынатынын, яғни осы цехта қалай өндірілетінін, былайша айтқанда осы өнімнің сауда түрін көрдік. Бізге бұл қатты ұнады, бұл жерде барлығы автоматтандырылған. Осы жерден бар болғаны 10 қызметкерді көрдік, бұл өте жақсы, цех толығымен автгоматтандырылған,- дейді Жақсылық Мараш.

 

Қазақстан электролиз зауыты металлургияны өз кәсібі ретінде көретіндер үшін біздің есіктер әрдайым ашық дейді. Кәсіпорынның жетекші мамандары өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

 

Авторы:Азамат Айтхалин