• Басты бет
  • Қоғам
  • Қираған үйде жапа шеккендердің құрылыста жұмыс істеуге құқығы болмаған

Қираған үйде жапа шеккендердің құрылыста жұмыс істеуге құқығы болмаған

Торайғыров көшесіндегі көпқабатты үйдің құрылысын 2021 жылдың наурыз айында бастаған. Сәулет бөлімі ақпан айында елорда тұрғынына салуға рұқсат берген. Жергілікті адамдардың айтуынша үйді тез арада көтерген. Желтоқсанда аяқтауды жоспарлаған.

 

- Аталмыш мердігерлік ұйымның тәжірибесіне келер болсақ біздің мәлімет бойынша тәжірибесі мүлдем жоқ деуге болады. Торайғыров 75/3 және Торайғыров 75/4 екі үйді алғаш рет салған, - деді Павлодар облысы қала құрылысы және жер бақылауы басқармасының басшысы  Арман Бекбосынов.

 

 

Сәулет бөлімінің ақпараты бойынша елорда тұрғыны Павлодар аумағында бұдан басқа ештеңе тұрғызып жатқан жоқ. Айта кету керек жұмыс күшін Орталық Азиядан  әкелген. Үш адам жапа шекті. Біреуінің омыртқасына зақым келген. Барлығы Өзбекстан азаматтары.

 

- Олар жұмысқа рұқсатсыз кіріскен. Олар үй ішіндегі жұмыскерлер секілді алынған болуы керек. Бұл да заңсыз. Үш жапа шегушінің үшеуінде де жұмыс істеу рұқсаты болмаған, - дейді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

 

 Алдын ала мәліметтер бойынша қабырға опырылған кезде жұмыскерлер жоғарғы қабатты жинап жатқан. Бұл әзірге болжам ғана. Барлығы туралы тек толық тексерістен соң хабарлайды. Тергеуді полиция да жүргізбек. Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс ашылған. Айта кету керек, бүгінгі таңда Павлодарда 10 үйді жеке құрылысшылар салуда. Қала құрылысы басқармасында мемлекет тарапынан бақылау жүргізілмейді деді. Бұл қызметтер жекеменшік иелеріне тапсырылған.