• Басты бет
  • Қоғам
  • Қой терісін жамылған қасқыр: Қарақшылық жасаған полицейге қатысты сот үкім шығарды

Қой терісін жамылған қасқыр: Қарақшылық жасаған полицейге қатысты сот үкім шығарды

Сот барысында қарақшылық шабуылдың мән-жайы белгілі болды. Айыпталушы сотта жауап беруден бас тартқан. Тек оның әрекетін тонау деп санауды сұрайды. Судья өз кезегінде неге бапты ауыстыруға болмайтынын түсіндірді. Тергеу нұсқасы бойынша кіші сержант таңертең жұмысқа кірген кезде табельдік қаруымен іске аттанған.

 

- Ол 2021 жылдың 25 ақпанында Кенжекөл ауылындағы Қазпошта бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған. Онда ол 21 мың теңге алып кеткен. Бапты ауыстырмаған себебіміз өйткені ол осы бөлімше кассирін өзі таңертең қызметке кірген кезде алған Макаров тапаншасымен қорқытқан, - деді Павлодар қаласы №2-сотының судьясы Айгүл Ахметова.

 

Судья мәлімдегендей сержант ұрлаған ақшаны букмекерлік кеңседе жұмсап тастаған. Наурыз айының басында қайта қылмысқа барған. Сол кезде ол Кенжекөлдегі дүкенге шабуыл жасаған. Сатушыны қорқытпас бұрын ол микронесиелік ұйымды тонамақ болған, алайда түк шықпапты. Алайда кейін бәрібір облыс орталығындағы дүкендердің бірінде әрекетін жүзеге асырған.

 

- Сатушы кассадағы бар ақша 120 мың теңгені бере салады, олар жерге шашылған кезде Жантеміров бір қолымен еденнен ақшаны жинаса, екінші қолымен сатушыға қару тақап тұрған, - деді Айгүл Ахметова.

 

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерін сол күні жұмыс орнында қолға түсірді. Ол кінәсін мойындады. Сот үкімімен оны он жылға темір торға қамады. Сонымен қатар кіші сержат лауазымынан айырды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы.