• Басты бет
  • Қоғам
  • Қоластындағы жұмыскері пара алғаны үшін басшысы жұмыстан кеткен

Қоластындағы жұмыскері пара алғаны үшін басшысы жұмыстан кеткен

Бүгін сыбайлас жемқорлықпен күрескерлер сотқа дейінгі жеткен деректер туралы айтты. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің шенеуніктерін жиі пара алады деп айыптауда. Олар бизнесмендерден өз ісін кедергісіз жүргізуі үшін ақша алған. 

 

- Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін ұсталғандар саны 84 немесе 64 процентті құрайды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 78-ді немесе 55 процентті құрады. Бұл ретте қылмыстардың үштен екісі яғни 57-сі бұл пара алумен байланысты, - деді Павлодар облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі департаментінің басшысы Айдар Тастеміров.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасында да үздіксіз пара алып келген. Онда бөлім жетекшілерінің біріне айыптау үкімін шығарған. Нәтижесінде ведомства басшысы жаңа заң бойынша отставкаға кетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде заңсыз ақша алу жағынан құқық қорғау және кеден органдары, әскерилер көш бастап тұр. Тәжірибе көрсеткендей олардың барлығы абақтыға түсе бермейді.

 

- 54 адам сотталды. 9 адам бас бостандығынан айрылды. 28 тұлғаға айыппұл салынды. 18 адамның бостандығы шектелді. Сот тағайындаған айыппұлдың жалпы сомасы 92 млн теңге, - деді Айдар Тастеміров.

 

Ал тілшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі басшысына анағұрлым ашық ведомства болу туралы ұсынысына жауап бере алмады. Шенеунік пара алған күнде де кінәсі толық дәлелденбесе қоғам оны талқылай алмайды.