Қоғамдық кеңестің мониторингілік тобы: «Иісі жоқ»

Жиынға қатысқандар арасында облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, биолог-ғалымдар, экологтар бар. Олардан арнайы мониторингілік топ құрылып, "Крон Агро" сүт-тауар фермасына барды. Жоғары технологиялық өндіріс, инновациялық жабдық қолданылатынына жеке көз жеткізді. Барлық қалдықтар қайта өңделеді және дереу егістікке шығарылады. Арнайы астаулар қолданылмаған. Тап-таза. Яғни, жағымсыз иіс жоқ деген сөз.

 

- Ол аумақта ешқандай иіс болмағандығын және барлығының таза екенін расстағым келеді. Кешен маңындағы ауыл тұрғындарымен жүздестік. Шағым түсірген кей тұрғындармен де тілдестік. Дегенмен, басым бөлігі иістің жоқ екенін айтты, - дейді облыстық қоғамдық кеңес экология және қоршаған ортаны қорғау комиссиясының төрағасы Владимир Берковский.  

 

Бүгінгі таңда "Крон Агро" тұрғындарды егістіктерде минералды тыңайтқыштар қолданылмайтындығына байланысты отандық өнімдермен арзан бағамен қамтамасыз етеді. Ал органикалық заттар шаруа қожалығынан өңдеуден кейін күн сайын шығарылады.

 

- Біз басшылықта болсақ та ауылда өстік. Мал-жанның жанында жүрдік. Мен бұл кәсіпорынның экологиялық тұрғыдан дұрыс жұмыс жасап жатқанын айтқым келеді, - деді Павлодар қаласының құрметті азаматы Александр Рюмкин. 

 

 

Шаруа қожалығының өкілдері Ақсу әкімдігімен жұмысты жолға қою әлі мүмкін болмай отырғанын өкінішпен жеткізді. Кәсіпкерлердің айтуынша, қала билігі фермамен не байланысқа шықпайды, не келіп мән-жайды көрмейді.