Қоғамдық көлікпен жүруге арналған карталарды тегін таратуда
Естеріңізге салсақ, мектеп оқушылары, зейнеткерлер және әлеуметтік осал топтарға жататындарға карталар тегін беріледі. Осыған байланысты босату орындарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Компания мамандары мұндай дүрбелеңге тегін карталарды беру мерзімі себеп болғанын айтуда. Бүгін оны 1-ші мамырға дейін ұзартты. Сондай-ақ, Павлодарда ертеннен бастап тағы бір кеңсе жұмысын бастайды.
-
Мамырдың біріне дейін мектеп оқушылары жолақы үшін 40 теңге төлейді. Ал кейін карта арқылы тегін жүре бастайды. Мұны жақын уақытта қалалық сессия депутаттары бекітеді. Оның алдында сатып алынған карталар да жарамды. Мектеп оқушыларының шоттарында қалған қаражатты кеңсеге келіп, өтініш жазып, қайтадан кез келген банк картасына қайтарамыз. Бүгінде карталарды тарату жалғасуда,- дейді «Смарт автобус ПВ» ЖШС техникалық директоры Талғат Тоқтағанов.
Павлодарда тегін карталарды Катаев 9 және Торайғыров 44/1 мекенжайынан алуға болады. Орын алған дүрбелеңге байланысты Желтоқсан 129 мекенжайында тағы бір кеңсе ашты. Ол жұмысын ертеңнен бастайды. Облысымызда жалпы 50 мыңға жуық карта өткізілді.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа