Қоғамшылдар "Халықтың ойы маңызды"

Бұл жерде саябақтар мен басқа да қоғамдық орындар сөз болуда. Бізде әдетте шешімді шенеуніктер мен халық қалаулылары қабылдайды. Адамдар тек нәтижесін талқылап жатады.

 

-Біз әлі күнге дейін қандай да бір ауланың қаланы абаттандыру жобасына неге кірмей қалғанын білмейміз. Неге осы емес басқа аула? Оның жағдайы мүлдем нашар ғой. Ол бойынша неге өтінім түспеген? Бұл бізде реттелмеген. Неге олай болып жатқанын біз білмейміз. Алайда тетік негізінен атқарушы билікте. Депутаттар да халықпен көп сөйлесе қоймайды,- дейді қоғамдық қор басшысы Сергей Гуляев.

 

Негізінде қалалық мәслихатта бюджетті нақтылау кезінде барлық абаттандыру жоспарлары талқыланады. Алайда халық қалаулылары бұл іске жауапты қарамайды дейді қоғамдық қорда. Мұндай тәсілді бастамашыл топтар, құрылысшылар мен мердігерлер және әкімдіктердің көмегімен жүзеге асыруды ұсынады.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы.