• Басты бет
  • Қоғам
  • ҚР ішкі істер минстрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

ҚР ішкі істер минстрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Марат Ахметжанов Павлодар облысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі азайғанын айтты. Оның ішінде адам өлтіру бойынша қылмыс екі есе азайған. Өткен жылы осы кезеңде 27 адам өлімі тіркелсе, биылғы көрсеткіш 13. Министрдің айтуынша қаңтар оқиғасынан соң халық арасында полицияға деген сенім азайған. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қолындағы шоқпар тек қоғамға, мемлекетке қауіп төнідргендерге жұмсалуы керек деп атап өтті еліміздің бас сақшысы. Жаңа полиция халыққа қорған болуы тиіс.

 

  • Жаңа полицияның функциясы халықтың қорғаны, қалқаны болу. Әрине полицияның қолында қалқаннан басқа шоқпар да бар. Сол шоқпарды осы халықтың мазасын, берекесін алып отырған, қоғамға қауіпті төндіріп отырғандарға жұмсауымыз керек. Сонда беделді полиция болады,- дейді ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 

Кездесу барысында азаматтар негізінен мал ұрлығы, алаяқтық, қылмыстық істердің ұзақ тергелуі бойынша шағымдары мен ұсыныстарын айтты. БАҚ өкілдерімен кездесу Ішкі істер министрі Павлодар облыстық ПД бұрынғы басшысы үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы да айтты.

 

-Ол қылмыстық іс біздің өндірісте емес. Сондықтан ол туралы толық айтуға менің құқығым да жоқ шығар. Бірақ мен ол мәліметті дәлелдеймін. Қылмыстық іс қозғалды. Іздеу салынды. Тергеу сотының санкциясы бар біздің бюджеттің ақшасын жымқырды деген,- дейді ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 

Министр жұмыс сапары барысында жергілікті ПД патрульдік бекет қызметкерлерімен, учаскелік инспекторлармен кездесетінін айтты. Сондай-ақ Марат Ахметжанов есеп беру кездесуінен соң бірқатар азаматтарды шешімін таппай жүрген жеке мәселесі бойынша қабылдайтынын атап өтті.

 

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы