Қыс басталғалы қаламызда елуге жуық адамды үсік шалған

Медициналық мекемеде қазір 13 адам жатыр, 3-уі соңғы тәулікте түскен. Дәрігерлер пациенттердің бәрі түрлі жағдайда үсік алғанын айтуда.

 

- Түрлі деңгейде үсік алғандар ауруханаға жатқызылды. Алайда оның нақты қандай деңгей екені жақын тәулікте анықталады. Дегенмен емдік шаралары жүргізіліп, тамырлардың өтуі қалпына келтірілуде, - деді №1-қалалық аурухананың күйік шалу бөлімшесінің дәрігері Асхат Мұрсалимов.  

 

Дәрігерлердің айтуынша маусым басталғалы үсік алған 47 адам емделген. Олардың қатарында ота жасалғандар да бар. Сондықтан ақ халаттылар қандай жағдай болмасын көмекке бірден жүгінуге кеңес береді.