Қызды тепкен ер адамға қатысты тергеу басталды

- Тіркелген дерекке қатысы бар адамдар түгел анықталды. Павлодар қаласының дүкендерінің бірінде ер адам мен 13 жасар қыз сөзге келіп, кейіннен ер азамат кәмелетке толмаған қыз баланы ұрып жыққан. Жәбір көрген қыздың заңды өкілдерінен ер адамға қатысты өтініш келіп түсті, - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция департаменті берген ақпаратқа сәйкес сот- медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.