• Басты бет
  • Қоғам
  • Құтқарушылар мектеп оқушылары үшін танымдық экскурссия жүргізді

Құтқарушылар мектеп оқушылары үшін танымдық экскурссия жүргізді

-Балалар жағадан алысқа кетпеуі керек. Үнемі ересектердің жанында болуы керек. Сол кезде қайғылы оқиға да болмайды,- Балнұр Таңжан.

 

Оқушылар арнайы кеудешелерді киіп, қайыққа мініп, құтқарушылардың жазатайым жағдай кезінде қалай әрекет ететінімен танысты. Жазғы демалысты қауіпсіз өткізу ересектер мен балалардың өз қолында дейді ТЖД өкілдері.

 

-Біздің ата-аналарға айтатынымыз балаларды алысқа жібермеңіздер. Былтырғы уақытта демалыс уақыты басталмай жатып бізде 29 мамыр күні күні жазатайым уақиға болды. Екібастұз қаласындағы екі бала бір күнде суға батып кеттіғ,- дейді Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Теміржан Таңжанов.

 

Құтқарушылар өз кезегінде ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және оларға табиғат аясында өзін қалай ұстау керектігі туралы үнемі айтуға кеңес береді. Сонымен бірге әр бала шұғыл қызметтердің нөмірін жатқа білуі шарт.

 

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы