• Басты бет
  • Қоғам
  • Үй суық, суы лас, кәріз жоқ. Оңтүстіктен қоныс аударғандар берілген баспанаға осылай бағалауда

Үй суық, суы лас, кәріз жоқ. Оңтүстіктен қоныс аударғандар берілген баспанаға осылай бағалауда

Ленин кентінде көп жылдар бойы иесіз тұрған үйді жөндеп, сәуір айында оңтүстіктен қоныс аударушыларға пәтер кілттерін табыстаған. Қабатты үйде жалпы 60 пәтер бар. Көшіп келгендер жөндеу жүргізген мердігердің олқылықтарын көрсетіп, жылу, су және кәріз мәселесіне шағымданды.

- Берілген үйдің жағдайын өздеріңіз көріп отырсыздар. Жаз бойы су болған жоқ. Қыста су болды бірақ жылу жоқ. Жылу мәселесі өте қатты не. Біз айына 20 мың көмірге төлейміз. 3 бөлмелі үй. Тағы да светіміз бар егер көмірмен үйіміз жылынып отырған жағдай болса, біз қуанышты едік. Оған жылып отырған жоқ. Қосып тоқ пештерімізді жалғап отырмыз, - деді Ленин кенті Космонавтов көшесіндегі №22-үйдің тұрғыны Нұрислам Айдаров.

- Терезелердің, есіктерден кәдімгідей жел аңырап, суық. Көрпеде отырып осы киімменен үйдің ішінде жүретін болдық. Ас үйде тамақ істесек қана біраз жылиды. Бір жарым сағат ағызып қоямыз да содан кейін ғана тұтынамыз. Егер де оны ыдысқа қойып қойып, басқа ыдысқа құйсақ ішінен кәдімгідей сары құм, - деді Ленин кенті Космонавтов көшесіндегі №22-үйдің тұрғыны Арнагүл Әзен.

Қала әкімдігінде жылу және су мәселесі бар болғанын растады. Көпқабаттыға тиесілі қазандықта ақау анықталса, су - электрдың апатты өшірілуінен болмаған.

- Қазандықтың асинхрон қозғалтқышында және сорғы құралында ақау анықталды. Бүгінде барлығы жойылды. 1-2 кіреберіске жылу жақсы беріліп жатыр. Ал үшінші кіреберісте мәселе бар. Бұл жылу беру құралының дұрыс орнатылмауына байланысты. Бүгінде «Горкомхоз» және Ленин кентінің әкімдігімен аталмыш ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Космонавтов, 22 мекенжайындағы қазандық үйге 55-60 градус жылу беруде. Көпқабаттыға су беру үдерісі де қалпына келтірілді деп сендірді әкімдікте.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа