• Басты бет
  • Қоғам
  • Үйдің шатырындағы бағанның салдарынан пәтерлерді су басуда

Үйдің шатырындағы бағанның салдарынан пәтерлерді су басуда

Бұл Баян Батыр көшесіндегі 8-үйдің шатыры. Төбенің үстінде орналасқан мына темір баған тұрғындардың мазасын қашырды. Себебі әр көктем сайын құралдың ауырлығынан шатырға су жиналып пәтерлерге ағады екен. Иесін іздеп, бармаған жерлері жоқ.

- Тұрғын үй комиссиясы өкілі келді. Одан кейін карантин басталып, мәселе шешілмеген күйі қалды. ТЖД жүгіндік, бізге «Энергосбыт»-тан келіп олар да біздікі емес деді. «Қазақтелеком» да біздікі емес деп бас тартты. Бұл темір бағанның иесін таппай су басу мәселесін шеше алмаймыз, - дейді Баян Батыр көшесіндегі №8-үйдің тұрғыны Татьяна Столяревская.  

Үйге қызмет көрсететін ПИК шатырмен айналыспайтындарын айтқан. Тұрғындар тіпті қол жинап, өтініш жазған. Әзірге оған кім қызмет көрсететіні де белгісіз. Тұрғындарда оның иесі жақын арада табылады деген үміт бар.

- Көктем сайын су ағады. Ылғи ақтап, сырлап әуре боламыз. Себебі қабырғаны көк басып кетеді. Тоқ келетін сымның бәрі су аққан сайын шіріп, адамға қауіп төндіреді, - деді Баян Батыр көшесіндегі №8-үйдің тұрғыны Марина Грушина.

Тұрғындар оны алып тастау үшін қала билігінен көмек сұрайды. Себебі бұл бағаннан тарайтын сым қозғалысы көп жол арқылы өтеді. Алып тастаған кезде ешкім жапа шекпес үшін көліктерді тоқтатып жолды жабу керек дейді.