Үсік шалған ер адам он саусағынан айырылды
Өткен аптада №1-қалалық ауруханаға мас күйінде үсік шалған ер адам жеткізіліп, он саусағынан айырылды. Ақ халаттылардың айтуынша соңы мүгедектікке әкелетін жағдайлар жетерлік.
- Жас қыз түсті. Далада орындықта ұйықтап, ұзақ уақыт аязда қалған. Сондықтан төменгі білегі жағындағы қолдың буынын кесіп алып тастауға тура келді, - дейді бірінші қалалық аурухананың күйік шалу бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.
Ақ халаттылар үсік шалған пациенттердің 60-70% ампутация жасаймыз дейді. Мұндай жағдайға көбіне мас күйінде болғандар ұшырайды. Сау күйінде түсетіндер санаулы ғана көбіне олар алысқа қатынайтын жүргізушілер деп атап өтті Марат Қанжығалин.
Қыс басталғалы күйік шалу бөлімшесіне үсіп қалған 70-ке жуық адам келген. Мамандар әлі бәрі жүгінбегеніне сенімді. Қыстың соңғы аязында зардап шеккендерді әдетте наурыздың аяғына дейін қабылдайды.
