ҰБТ тапсырушыларға жеңілдіктер жасалуда

Өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылды. Бұрын бұл процесс қаңтардың 5-і аяқталған. Ал тестілеудің өзі ақпанның 20-сына дейін жалғасады.

 

Ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасалатын болады. Тестілеу уақыты 40 минутқа ұзартылды, осылайша жалпы ұзақтығы 4 сағат 40 минутты құрайды. Ал бүгінде өтіп жатқан ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіргендердің жалпы саны 3,5 мыңнан астады.

 

- Бұл ҰБТ балаларға ақылы түрде ЖОО түсуге мүмкіндік береді. Егер де балалар мемлекеттік гратқа түсемін десе, оларға бізде үшінші ҰБТ болады. Ол сәуір айынан бастап маусым айына дейін өтеді. Сол ҰБТ-ға қатысу керек міндетті түрде, - дейді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, факультет деканы Сәуле Кісембаева.

 

Айта кеткен жөн, ұлттық тестілеу орталығы сайтында 2022 жылы ҰБТ құнының өзгеруі туралы хабарланған еді. Енді ол бұрынғы 2242 теңгенің орнына 5640 теңгені құрайды.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан