• Басты бет
  • Қоғам
  • Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысындағы инфляциялық мәліметтерді жария етті

Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысындағы инфляциялық мәліметтерді жария етті

Есептеулер бойынша өңірімізде азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі етке 1,5%-ға белгіленді, соның ішінде тауық етіне бірден 3,1%-ға , жылқы еті – 2,5%-ға, сиыр еті – 1,8%-ға, қой еті – 1,2%-ға арта түскен. Ал күзгі жинау науқанына байланысты жоспарланғандай, күнделікті қолданыстағы көкөністер құны төмендей түскен. Сәбізге 37,2%-ға, қызылша – 31%-ға, картоп– 16,2%-ға арзандаған екен. Ал  пияз  бен орамжапырақ керісінше қымбаттаған. Өсім 8%-дан асады.

 

Сонымен қатар аймағымызда ақылы қызметтер бағасы 0,6 %-ға  өскен. Мысалы, жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 6,2%-ға, қоғамдық жерлерде тамақтану қызметтері – 4,2%-ға, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі – 2,5%-ға, тұрғын үйді жалға алу төлемі – 1,7%-ға арта түскен.