• Басты бет
  • Қоғам
  • Ұлттық тарихты қайта зерделеу: ИнЕУ-де ғылыми-практикалық семинар өтті

Ұлттық тарихты қайта зерделеу: ИнЕУ-де ғылыми-практикалық семинар өтті

Ұлттық тарихты қайта зерделеу және Қазақстанның жаңа академиялық тарихын әзірлеу отандық ғылым мен білім саласы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Қазіргі таңда ауқымды тарихи зерттеу жұмысына әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық ғалым атсалысуда. Зерттеу нәтижелері алдағы уақытта мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізіледі деп жоспарлануда.

 

-2019 жылдан бастап Қазақстанда ұлттық тарихты қайта зерделеу мәселесі көтеріле бастады. Алғашында бұл бастама көпшілік назарынан тыс қалғанымен, 2021 жылы өзекті мәселеге айналды. Осы кезеңде Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа академиялық тарихын жазу жөнінде бастама көтерді. Шын мәнінде, бұл бастаманың артында ауқымды өзгерістер тұр. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы бойынша орта білім беру жүйесінде елеулі жаңашылдықтар енгізіліп, пәнге қатысты барлық мемлекеттік білім беру стандарттары қайта қаралмақ. Бұл өзгерістер мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын да қамтиды. Жаңартылған білім беру мазмұны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық ғалымның қатысуымен әзірленіп жатқан Қазақстанның жаңа академиялық тарихына негізделеді, - деді Жошы ұлысын зерттеу ұлттық институтының директоры Жақсылық Сәбитов.

 

Ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде Инновациялық Еуразия университеті мен Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институты арасында меморандумға қол қойылды.Тараптар Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеу және жаңа ғылыми білімді білім беру үдерісіне енгізу бағытында күш біріктіруге ниетті.

 



-Бұлынтымақтастықтыңмаңызыөтезорболмақ.СебебіИнЕУөңіріміздіңтарихындажаңабірпарақашыпотыр.БіздиректорыбүгінгіқонағымызЖақсылықМұратұлыСабитовболыптабылатынЖошыұлысынзерттеуинститутыменбірлесіпжұмысістейтінболамыз.Алдағыуақыттабұлбайланыстартолыққандыәріжүйеліынтымақтастыққаұласадыдепсенемін, - дейді ИнЕУ профессоры Қанат Қанатов.

 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, ғылым мен білімнің өзара ықпалдастығы жас ұрпақтың еліміздің тарихи мұрасы туралы таным-түсінігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал университеттің бейінді ғылыми институтпен ынтымақтастығы жаңа зерттеу және ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.