• Басты бет
  • Қоғам
  • Ұлттық қор – балаларға: Павлодар өңірінде шоттағы ақшасын шешіп алғандар саны қанша?

Ұлттық қор – балаларға: Павлодар өңірінде шоттағы ақшасын шешіп алғандар саны қанша?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 11 айындағы қорытындысын жариялады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында өңірімізде 18 жасқа толған азаматтар шоттағы ақшасын шешіп үлгерген. Олар жергілікті зейнетақы қорына өтініш білдіріп, баспана мен білім мәселесін жақсартуда өз таңдауларын жасаған.

 

-Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 937 арыз тіркелген, 84 721,09 долл. АҚШ уәкілетті операторларға аударылды; білім алу ақысын төлеу үшін мақсатында 837 арыз тіркелген, 64 362,18 долл. АҚШ уәкілетті операторларға аударылған,-деді «БЖЗҚ» АҚ ПОФ-ның директорының орынбасары Нұржамал Дюсембаева.

 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті.

 

Фото: Freepik.com