• Басты бет
  • Қоғам
  • Ұлы Жеңіс күні қарсаңында РубиКом компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында РубиКом компаниясы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

Рубиком компаниясы мереке қарсаңында жыл сайын ардагерлерді құттықтап, сый-сияпатын ұсынады. Осымен бірнеше жыл бойы дәстүрлі түрде Мария Даниловнаның шаңырағында қонақ болып қайтады. Әже осы жылы 100 жасын тойламақ. Соғыс жылдары 19 жасар Мария мектепті аяқтап, әскерге шақырту алып, кейін 1944 жылы снайпер мектебін тәмамдап, майданға аттанады. 9 мамыр ол үшін соғыс алаңында қаза болған құрбыларын еске алатын күн деп бөлісті кейуана.

 

-Бұл күні құрбымды еске аламын, біз бір-бірімізден ажырамай, екі жарты, бір бүтін едік. Менің барлық қыздарым есімде, взводта 30 адам болдық. Командирлер туралы да ұмытпаймыз,-деді Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Курбатова.

 

Соғыс жылдары Мария Даниловна «Ерлік үшін» медалімен марапатталды. Майданнан кейін мектептер мен балабақшаларда оқушыларға соғыс жайлы айтып беретін. Ал Рубиком компаниясы ардагерлерге үнемі көмек қолын созып, барынша қолдауға дайын. Бұл ретте мереке қарсаңында Ленинский, Мичурино және Черноярка ауылдарында тұратын ардагерлерді де қуантып қайтты.