Ұтыс тігу дерт пе, әлде әдет пе?

Солардың бірі - 32 жасар қала тұрғыны Фариджан. Бұрын әрбір күнін ұтыс тігумен бастап, бұл ермегі кейін жақындарына зиянын келтіре бастаған. Псилохологтардың көмегіне жүгініп, құмарлықтан әзер дегенде құтылыпты.

- Басында 2000-5000 теңге тауып, достарымнан көріп, менде ақша жеңе бастадым. Кейін ұтыс көлемін көтердім. Артынан тәуелділік пайда болды. Қайта-қайта букмекерлік кеңсеге жүгіріп, ақша салып, қарыздарға кірдім. Себебі жанұяда қиындықтар орын алып, тез арада ақша керек болды. Қауіпті нәрсе, ойнамау керек. Былай байып кету мүмкін емес, - дейді кейіпкеріміз.

Жалпы спортқа ұтыс тігу жастар арасында қалыпты жағдайға айналған. Бұл мәселеде үлкен проблема бар екендігін көбісі байқай бермейді де. Қарызға бату, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасу сынды жайттары жайлы ресми мәліметтерді таба алмайсыздар. Бірақ ондай жағдайлар күнде орын алуда. Тұрғындардың көбісі бұл ьтуралы теріс пікірде екендіктерін айтты. Соған қарамастан біздің елімізде спорттық жарыстарға демеу көрсететін түрлі букмекерлік контораларды жаппай жарнамалауға тыйым салынбайды. Психологтардың айтуынша, бұл жағдайды одан сайын ушықтырады.

- Құмар ойындар жоғары деңгейде насихатталады. Теледидарда, әлеуметтік желіде ұтыс тігу бақытты өмірге әкеледі , проблемалардан құтыласың дейді. Зауытта тиындар тапқанша, бір дегенде миллиондап жеңіп ал деген сынды ұрандар айтады. Ойындарға құмарлық психологиялық ауру емес, бұл тек белгілі ішкі уайымдарды нұсқайтын симптомдар. Құмарлығы бар адамдар өзін тәуелдімін деп есептемейді. Өкінішке орай, оларға тек түсіндіру арқылы көмек көрсету тетігі бар, - деді психолог Татьяна Кравцова.

Осыдан 2 жыл бұрын құмар ойындар индустриясы Қазақстанда қызмет көлемі 13,6 миллиард теңгені құраса, қазіргі таңда 89,7 миллиардқа жеткен. Павлодардың өзінде, түрлі букмекерлік кеңселерді кездестіруге болады. Бизнестің бұл түрі қаншалықты қауіпті екендігін көбісі мойындауға асықпайды. Себебі табыс көлемі де аз емес.

 

Авторы: Дархан Бекишев