• Басты бет
  • Қоғам
  • Әйел мен қыздарын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Әйел мен қыздарын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сол күні полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Кейінірек сотта оның әйелге 26 рет пышақ салғаны белгілі болды, ал балаларды соққыға жыққан. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олар кінә дәлелденді деген қорытындыға келді.

 

- «ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталушы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып, өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деп сот үкім шығарды.

 

Сондай-ақ айыпталушы қаза тапқандардың туыстарына жалпы сомасы 15 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Сот үкіміне шағымдануға 15 күн бар.